Жобалау – ғимарат немесе имараттың (сооружение) сәулеті, компоненттері, интерфейсы мен басқа мінездемелерін анықтау үшін орындалатын жұмыс үдерісі (процесс). Жобалаудың нәтижесі – дайын жоба болып табылады.

Жоба СЖТда (АПЗ) көрсетілген негізгі талаптары мен ұсыныстарын ескере жасалған тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына және сәулет, қалақұрылыс, құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалады.

Біздің компаниямыз жобалаудың қандай бағыттары бойынша рұқсаты барын білу үшін, рұқсат құжаттары деген парақта келтірілген лицензия тізімнен таба аласыз.

Қазіргі таңда «Topoplan-3D» ЖШС-і сіздерге жеке үй құрылысы жобасы (эскиздік жоба, жұмыс жобасы) мен сыртқы инженерлік желілерді жобалау (су құбыры, кәріз құбыры, газ құбыры, жылу құбыры, электр желісі, байланыс желісі) қызметін ұсынады.

Жеке үй құрылысын іске асыру төмеңдегі кезеңдерден тұрады:

  • 1:500 масштабтағы топографиялық түсіріс (топопланды Алматы қаласының Урабанистика және қалалық жоспарлау басқармасында тіркеу (УГПиУ г.Алматы); қызыл сызық салу);
  • СЖТ (АПЗ);
  • Эскиздік жоба;
  • Эскизді жобаға келісім алу (согласование);
  • Құрылыс-монтаж жұмыстары;
  • Эксплуатацияға енгізу актісін толтыру;
  • Сәулет басқармасына тіркеу;
  • Базаға техникалық мәліметтерін енгізу;
  • Әділет Министрлігіне тіркеу;
  • Техникалық паспорт жасау.

СЖТ (АПЗ) – бұл құжатта құрылыс жұмыстарына байланысты талаптар жазылады (өлшемдері, құрылыс объектілернің орналасуы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және де мемлекетіміздегі басқа да нормативтерге сәйкес талаптар). Жобалау жұмыстарына СЖТ-ны алмай кірісуге болмайды. Себебі кез келген қала генпланға сәйкес салынады, сондықтан жергілікті жердің сәулет басқармасының талаптарын қатаң сақтап, солармен жобаны келістіру керек.

Эскиздік жоба – сұлба (схема), сызу, бастапқы нобай (сурет) ретінде ойластырып отырған   жобаның мәнін түсіндіретін (пландық орналасу, кеңістіктік, сәулетшілік, конструктивтік, инженерлік декоративті немесе басқа) жобалық шешімінің қарапайым (жеңілдетілген) түрі.

Эскиздік жобаны арнайы лицензиясы бар компаниялар жасайды.

Жұмыс орындау реті.

  • Клиент өз күшімен немесе жобалаушы компанияның мамандарымен бірге болашақ үйдің бөлмелерінің орналасу сұлбасын қағаз бетіне түсіреді.
  • Ары қарай жобалаушы компанияның сәулетшісі клиенттің қажеттіліктерін ескере отырып, үйдің детельды планировкасын нормативті талаптарға сәйкес орындайды.
  • Эскизді жобаның құрамы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» заңының 5 қосымшасына сәйкес болу керек.
    • 1:1000, 1:2000, 1:5000 (аталған масштабтардың біреуі) масштабындағы ситуациялық план;
    • 1:500, 1:1000 (аталған масштабтардың біреуі) масштабындағы генплан;

1:500 масштабта орындалған басплан.

  1. 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 (аталған масштабтардың біреуі) масштабындағы үйдің сыртқы бетін жөндеу ведомостьы мен фасады;

1:100 масштабта орындалған үйдің фасады.

  1. 1:100, 1:200, 1:400 (аталған масштабтардың біреуі) масштабындағы бөлме экспликациясы көрсетілген әр қабаттың (этаж) планы;

1:100 масштабтағы 1-қабаттың планировкасы.

  1. 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 (аталған масштабтардың біреуі) маштабындағы шатырдың планы;

1:100 масштабтағы шатыр планы.

  • Инженерлік желілер планы;
  • Ғимараттың негізгі конструктивті және сәулеттік-пландау шешімдерін, қасбетті (фасад) өңдеу кезіндегі қолданатын материалдары мен түсін, жер телімін абаттандыру мен көгалдандыруды қоса, құрылыс жұмысының көлемдік-пландық көрсеткіштерін (сыйымдылығы, өткізгіштік мүмкіндігі, қуаттылығы, құрылыс көлемі, ғимараттың пайдалы және жалпы ауданы, құрылыстың ауданы, көгалдандырылған және абаттандырылған территория көлемі, қасбетті (фасадты) өңдеу жұмыстарының материалдары мен түсі) де ескеріп, баяндайтын жалпы мәліметтер.
  • Эскиздік жоба орындалып біткен соң, клиентпен барлық қойылған талаптар мен тілектерінің орындалу шартын анықтау үшін келістіру (согласование) жасалады.
  • Эскиздік жоба жобалушы компанияның мөрі мен қол таңбалары қойылған электронды түрде шығады.
  • Жобаны келістіру (согласование) үшін kz порталы немесе ХҚКО арқылы тапсырылады.
  • Электронды өтініш толтырылып, эскизді жоба бір тұтас *.pdf файл форматында тіркеледі. Эскизді жобаның құамында  міндетті түрде СЖТ болуы керек.

Кері байланыс

7 + 0 = ?

Мекен-жайы:
ҚР, Алматы қ., Мәметов к., 76а-үй, 2-қабат

Байланыс:
topoplan3d@gmail.com
+7-707-144-54-34

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 8:00-17:00
Үзіліс: 12:00-13:00

Посмотреть на карте Алматы

WhatsApp chat