«Topoplan-3D» ЖШС-і сіздерге инженерлік ізденістер (геодезиялық, геологиялық), жобалау қызметтері, құрылыс жұмыстары бойынша өз қызметін қуана ұсынады және сіздерді өз клиенттерінің қатарынан күтеді!
Біздің компания 2014 жылдан бастап мемлекетіміздің нарығында өзін еркін сезініп, өз тапсырыс берушілеріне сапалы қызмет көрсетуде. Осы уақыт аралығында көптеген маңызды өндірістік және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысып, мемлекетіміздің дамуына және Қазақстан халқының хал-жағдайының жақсаруына өз үлесін қосып жүр. Мысал ретінде: Алматы облысы, Бақанас, Сарыөзек ауылдарының газ құбыры; Қарағанды облысындағы Астана-Алматы автожолының Ақшатау бөлігі; Атырау қаласындағы «РТИ АНПЗ» ЖШС-нің транспорттық инфрақұрылымын қайтақұрылымдау (реконструкциялау); Түркістан облысы, Созақ ауданында «КАТКО» ЖШС-і игеріп жатқан уран кен орнындағы магистральдық құбыр желілерін тартуға және т.б. көптеген жобаларға өз үлесін қосуда.
Әрине, кез келген ұжымның ең басты қуаты ол – істеп жатқан мамандарының кәсіби шеберлігі. Сол себептен «Topoplan-3D» ЖШС-не келген мамандар жұмысқа орналасар алдында қатаң іріктеуден өтеді. Бастапқы уақытта бұрыннан істеп келе жатқан мамандардың қасына бекітіліп, жұмыс барысын толықтай меңгеріп, дағдыланып кеткенше сол мамандардың қарамағында болады. Әбден өзінің теориялық білімін тәжірибемен шыңдаған соң ғана жеке, өз-бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Соның өзінде жұмыс ұжымдық түрде іске асып, жұмыстың әр кезеңі жекелей мамандармен тексеріліп отырады. Аталған себептерге байланысты біздің компания орындаған жұмыстар өте жоғары сапаға ие.
«Еліміздің болашағы – жастар»,- демекші, «Topoplan-3D» ЖШС-і жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында еліміздің үздік SATBAYEV UNIVERSITY және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен тығыз қарым-қатынасты орнатып, болашақ мамандардың компания қабырғасында тәжірибе өткізуіне жағдай жасауда.
Маман өз жұмысын жақсы орындау үшін, білімі мен біліктілігінен басқа, жақсы сападағы программалық қамсыздандыру мен аспаптар (инструменттер) қажет. Бұл сұранысты қанағаттандыру үшін компаниямыз Швейцария, АҚШ, Ресей Федерациясы, Белорусь, ҚХР сияқты мемлекеттердің үздік, уақыт сынағынан өткен брендттерін қолдануда.

Кері байланыс

1 + 0 = ?

Мекен-жайы:
ҚР, Алматы қ., Мәметов к., 76а-үй, 2-қабат

Байланыс:
topoplan3d@gmail.com
+7-707-144-54-34

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 8:00-17:00
Үзіліс: 12:00-13:00

Посмотреть на карте Алматы

WhatsApp chat