Құрылыс – ғимарат немесе имаратты (сооружение) жаңадан салу. Кең мағынасында құрылыс жұмыстарына тек қана жаңа құрылыс жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар күрделі және жеңіл жөндеу жұмыстары, реконструкция, реставрация, реновация да жатады.
«Topoplan-3D» ЖШС-да ізденіс, жобалау, құрылыс жұмыстарын қоса жүргізу мүмкіндігі бар.
Құрылыс жұмысы, жоғарыда айтылып өткен жұмыстардың логикалық нәтижесі болып табылады.
Үй құрылысына арналған барлық құжаттар мен жоба дайын болған соң, ең жауапты, мазалы әрі қымбат кезең басталады. Ол – құрылыс үдерісінің (процесс) өзі.
Сіздің жобаңыз қаншалықты жақсы болса да, құрылыс жұмыстарының төмен сапада орындалуы кез-келген жақсы идеяны құртуы мүмкін.
Көптеген адамдар қолына жобаны алған соң, құрылыс жұмысын өзіміз жүргізе аламыз деген оймен, құрылыс компаниясын жалдаудан бас тартады. Құрылыс – бұл үй салудағы ең қиын кезең! Құрылыстың бірінші күнінен бастап көптеген қиындықтар пайда болады. Жауапты құрылысшыларды табу, қабылданған бетонды тексеру, үй өлшемдерінің сақталуын қадағалау, металл складын табу, жұмысшыларды қажетті аспаптармен (инструмент) қамтамасыз ету, анау бітті, мынау бітті… Ия, бұл құрылыс біткенше, күнделікті туындап отыратын, дереу шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер. Керекті материалдарды табу жалғыз проблема деп ойласңыз қателесесіз. Құрылыс жұмыстарының сапалы орындалып, оны нормативтерге қатысты сәйкестігін тексеру қажет. Ал бұл қызметті арнайы білімі мен дағдысы бар маман орындайды. Үйді салдық, тексеріп алдық, енді оны эксплуатацияға тапсыру қажеттілігі туындайды. Бұл жұмыстардың жиынтығы адамды әбден шаршатып, жалықтырады және ең соңында сапалы өнім болатынына да кепілдік бермейді.
Сол себепті біздің компания жеке үй құрылысын жүргізуге өз қызметін ұсынады. Құрылыс-монтаждық жұмыстарды кәсіби мамандар құрылыс жұмысына бөлінген уақыт аралығында және мемлеккеттік нормативтерге сәйкес орындап береді. Сіз тек арасында келіп тексеріп, кәсіби жүріп жатқан жұмыс процессінен ішкі жан дүниеңіздің тыныштығы мен рахатын табысыз.