ИНЖЕНЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР

  •  Инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық ізденістер
  •  Жеке тұрғын үйдің және сыртқы инженерлік желілердің жобасы
  •  Құрылыс және жөндеу жұмыстары

Біздің қызметтер

Инженерлік ізденістер – кез келген құрылыс немесе жобалау жұмыстары басталар алдында, жобалау кезінде рационалды шешім қабылдау үшін жергілікті жердің табиғи жағдайы мен бастапқы мәліметтерін жинау мақсатында орындалатын жұмыстар кешені. Соның ішінде біз инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық ізденістер бағытында қызмет көрсетеміз.
Жобалау – ғимарат немесе имараттың (сооружение) сәулеті, компоненттері, интерфейсы мен басқа мінездемелерін анықтау үшін орындалатын жұмыс үдерісі (процесс). Жобалаудың нәтижесі – дайын жоба болып табылады.
Құрылыс – ғимарат немесе имаратты (сооружение) жаңадан салу. Кең мағынасында құрылыс жұмыстарына тек қана жаңа құрылыс жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар күрделі және жеңіл жөндеу жұмыстары, реконструкция, реставрация, реновация да жатады.

Неге біз?

Мамандардың жоғары кәсібилігі

Біздің компаниямызда жұмысты басқаратын ғана емес, сонымен қатар жұмысты тікелей орындайтын мамандардың да, біліктілігі мен біліміне көп көңіл бөлінеді. Себебі біздің бағытта жұмыс істейтін компанияның негізгі күші – білікті, білімді мамандары! Ешбір шетелдік бағадарлама да, аспап та жақсы маман болмаса, керекті нәтиже бере алмайтыны хақ!

Сапа бақылау менеджменті

Компаниямызда сапа бақылау менеджменті халықаралық ISO 9001 стандартына сәйкес. Барлық жұмысты орындау реті ұсақ-түйекке дейін ойластырылып, жұмысты орындау барысын тексеру мен қателік көздерін жою механизімі де өте жақсы ойластырылған. Жұмыс процесін дұрыс басқару сапалы жұмыс нәтижесінің кепілі.

Үздік бағдарламалар мен аспаптар

Үздік бағдарламалар мен аспаптар. Әрине мықты маман жұмысын сапалы орындау үшін үздік бағдарламалар мен аспаптар қажет. Сол себепті компаниямызда Швейцария, АҚШ, Ресей Федерациясы, Белорусь, ҚХР сияқты шетел мемлекеттерінің үздік брендтері қолданылады.

Бәсекелестік (конкурентті) және әділ баға

Барлық бағалар — мемлекеттік бағалар жинағы бойынша және маманның жұмыс көлемін орындауға жұмсайтын уақыт мөлшеріне байланысты қалыптасады. Әрине барлық бағаның қалыптасуы нарықтағы тенденцияларға тікелей байланысты.

ЖОО-мен орнатылған қарым-қатынас

«Еліміздің болашағы – жастар»,- демекші, «Topoplan-3D» ЖШС-і жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында еліміздің үздік SATBAYEV UNIVERSITY және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — тығыз қарым-қатынасты орнатып, болашақ мамандардың компания қабырғасында тәжірибе өткізуіне жағдай жасауда.

Біздің тапсырыс берушілеріміз

 

Біздің серіктестеріміз

Кері байланыс

4 + 0 = ?

Мекен-жайы:
ҚР, Алматы қ., Мәметов к., 76а-үй, 2-қабат

Байланыс:
topoplan3d@gmail.com
+7-707-144-54-34

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 8:00-17:00
Үзіліс: 12:00-13:00

Посмотреть на карте Алматы

WhatsApp chat